Жаңалықтар

«Тарихи тағлым – өткенге тағзым» атты тарихи танымдық сағаты өткізілді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихи тағлым – өткенге тағзым» атты тарихи танымдық сағат өтті. Шара барысында кітапханашылар және кітапхана оқырмандары саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған даңқты жерлесіміз Ілияс Жансүгіровтің ескерткішінің маңына жиналып,тарихи тұлға ескерткішіне гүл қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева қазақ халқының басынан өткен зұлмат жылдарға тоқталып, тарихи деректерге сүйене отыра қазақ халқының саяси қуғын-сүргін, ашаршылық жылдарындағы көрген қыйыншылықтары жайлы деректерді баяндады.
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.05.2024

«Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік шара өтті

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалар- бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік шара өтті. Шараға «Айналайын» балалар үйінің және «Жетісу облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» білім алушылары арнайы қатысып, оларға «Балалар әлемі – таңғажайып әлем» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Бақжұлдыз» медиа орталығының білім алушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды. Балаларға арналған мерекелік шарада Көксу ауданының құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмабала Балақаранова ізгі тілектерін білдіріп, ұстаз, ақын, балалар жазушысы Нұржан Кәпқызы балаларға арнап шығарға кітаптарының 10 данасын кітапханаға сыйға тартты. Мерекелік шарада «Қызықты сұрақтар әлемі», «Қораптағы сөз», «Фобия», «Саусақ ұшымен сезіну», «Сool dance», «Сиқырлы қылқалам», «Біз бақытты баламыз», «Патш...
Толығырақ... Оқылды: 117 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.05.2024

Ақын, сатирик, публицист Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты тұлғалық кеші өтті.

28 маусым күні ақын, сатирик, публицист Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты тұлғалық кеші өтті. Шара барысында оқырмандарға ақынның шығармашылығына арналған өмірінен сыр шертетін «Сәбит Дөнентаев: Бозторғай ақын» атты бейнеролик көрсетілді. Сәбит Дөнентаев өзінің қысқа ғұмырында артына мол мұра тастап кеткен өзіндік ерекшелігі мол ақындардың бірі. Оның шығармалары терең мазмұнды, ойлы, көркемдік қырларымен ерекшеленеді. Ақын поззиясының тілі таза, қарапайым және бейнелі де көркем. Кеш барысында №1 орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Тоғжан Ардаққызы қаламгердің өмірі мен шығрамшылығы туралы тереңінен баяндап, оқушылар поэзиялық шеруге қатысып, ақының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, «Сатиралық өнер шебері» атты кітап көрмесі ұымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Шараға Талдықорған қаласының №1 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 127 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.05.2024

Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай «Еліне елеулі тұлға» кездесу кеші өтті

2024 жылдың 24 мамырында С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Әли Ысқабайдың 85 жасқа толуына орай «Еліне елеулі тұлға» кездесу кеші өтті. Шара барысында Ә.Ысқабайдың өмірі жайлы «Өмірім – өнеге» атты бейнеролик көрсетіліп, ақынның шығармаларын жаттап өскен №7 мектеп оқушылары әдеби шеру ұйымдастырды. Сондай-ақ, Д.Рақышев атындағы филармония директорының орынбасары Қанат Түндебаевтың орындауында ақынның сөзіне жазылған «Жаны жайсаң достарым» және «Байшегір баба» әндері және Д.Рақышев атындағы филармониясының әншісі Эльмира Дәуренбекованың орындауында «Шырқа даусым», «Сәулем-ай» әндері орындалды. Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Кенжехан Рақыш, Көксу ауданының құрметті азаматы, қ...
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.05.2024

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Жетісу облысының Б.Римова атындағы драма театрында салтанатты кеш өтті. Салтанатты шарада «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Қаратал аудандық кітапханасының кітапханашысы Амреева Зауре Сейтқожаевна, Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Молдабаева Лазат Канатовна, Сарқан аудандық кітапханасының директоры Мухаметкалиева Гулнар Меркатовна марапатталса, Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Байтаева Райхан Егінбайқызы, Сарқан аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейполдина Айсұлу Тилектесовна, Талдықорған қаласының № 8 кітапхана филиалының кітапханашысы Қадырова Айгүл Қазтайқызы және Текелі қалалық кітапханасының директоры Кушекпаева Рахила Амангильдиевна, Жетісу облысы әкімінің «Алғыс хатымен» С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы Абейбе...
Толығырақ... Оқылды: 152 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.05.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика